Тоғызқұмалақ – 4000 жылдық тарихы бар қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойын түркі тілдес халықтарда да кең тараған. Бүгінгі таңда тоғызқұмалақтан Халықаралық, Республикалық, облыстық, қалалық федерациялар жұмыс жасайды. Алматы қаласында №16 олимпиада резервінің жасөспірімдер мектебінде тоғызқұмалақ бөлімі бар. Жыл сайын тоғызқұмалақтан республикалық, қалалық чемпионаттар, турнирлер өткізіліп тұрады.

2017 жылы 21 сәуір сағат 09:00-де «Алматы Арена» спорт сарайының Мусрят Елибакиев атындағы шахмат және тоғызқұмалақ клубында тоғызқұмалақтан қалалық жасөспірімдер турнирі өтеді. Турнирде қаланың үздік тоғызқұмалақшысы №157 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Әлімжан Әйгерім қатысады деп күтілуде. Жарысқа сондай-ақ, мектеп және колледж оқушылары, әуесқойлар қатыса алады. ​Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқарма, Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны қауымдастығы, Алматы қаласы № 16 ОРМЖСМ, «Алматы қалалық спорт құрылыстары дирекциясы» ЖШС.​Ойын тоғызқұмалақтың рапид түрінен, 7 турдан, швейцариялық жүйе бойынша, үш жас ерекшелігі: 10,12,14 жастан жоғары қыздар, ұлдар арасында өтеді. Турнир басталу қарсаңында «Алматы Арена» спорт кешенінде Мусрят Елибакиев атындағы шахмат және тоғызқұмалақ клубының тұсау кесері өтеді. Мусрят Елибакиев- 1964жылы туылған. 2014 жылы Талдықорған Политехникалық колледжін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған. Тоғызқұмалақтан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, спорт шебері. Тоғызқұмалақтан Европа Интеллектуалды Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2011 жылы Прага қаласында өткен Әлем чемпионатының Алтын медаль иегері, 2013 жылы командалық есепте Европа Интеллектуалды Фестивалінің жеңімпазы атанды. 2010 жылы Астана қаласында өткен Әлем чемпионатында төрешілік атқарды. 1986-1994 ж.ж. Қазақстан зағиптар қоғамында спорт жөніндегі әдіскер, 2009-2012 ж.ж. Қайназар жалпы білім беретін мектебінде шахмат және тоғызқұмалақтан жаттықтырушы, 2012-2014 ж.ж. «Мейірімді ел» МҚҚ тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып қызмет атқарды. «Мейірімді Ел» МҚҚ төрағасы.