Британиялық Worldboxingnews.net сайты салмақ дәрежесіне тәуелсіз ТОП-50 pound-for-pound рейтингісін жаңартты.

Алғашқы үштік өзгеріссіз қалған. Онда Андре Уорд көш бастап тұр. Ал Мэнни Пакьяо екінші орынға тұрақтаған. Қазақстандық Геннадий Головкин үздік үштікті қорытындылап тұр.

Төртінші орынға украиналық Василий Ломаченко көтерілді. Ал төртінші сатыдан айырылып қалған Роман Гонсалес бесінші орынға жайғасты.