Қазақстандық теннисші Қытай елінде өтіп жатқан ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Наньнин қаласында өткен жарыстың финалында Зарина Дияс тайваньдік Ли Я-Хсуянмен кездесіп, қарсыласын екі сетте жеңді - 6:2, 6:3.

Осылайша, жерлесіміз жүлдеқоры 25 мың доллар құраған Наньниндегі ITF турнирін жеңіп алды.