Қазақстан құрамасы мен португалиялық «Спортингтің» ойыншысы Лео Prosports.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ұлттық құраманың ЕУРО-2018-де қандай шыңды бағындыра алатынын, жаңа командасына қалай үйреніскенін және Төрттік финалдан не күтетіні жайлы айтып берді.

– Лео, Алматыға ұзақ уақыттан кейін оралғаннан кейін қандай сезімдесің?

– Әрине, осында қайта оралғаныма, ұлттық құрама шақырту алғаныма қуаныштымын. Мені бұл жерде үнемі қолдайды.

– Құраманың ойынын қалай бағалайсыз? Осы жолы жаңа бапкер мен көптеген жаңа ойыншылар болды.

– Алесио мен үшін және көптеген басқа ойыншылар үшін де жаңа бапкер емес. Себебі, ол бізбен бұрындары да жұмыс істеді. Тек Какаумен бірге болатын. Ойынға келер болсақ, біз ойдағыдай өнер көрсеттік деп ойлаймын. Үш матчта гол жібермедік. Жаңа ойыншыларға бұл пайдалы тәжірибе болды. Олардың барлығының болашағы бар. Сондықтан да оларға өздерін көрсетуге мүмкіндік берілді.зов был полезен, они являются перспективными игроками, поэтому им предоставили шанс проявить себя.

– Комнаданың гол жібермегені оның тактикасының өзгергені деп айтуға бола ма? Шабуылды емес, көп уақыт қорғанысқа көңіл бөлінді ме?

– Барлығы Алесионың қорғаныс арқылы ойнағысы келетінін біледі. Бірақ бұл жалпы ойын өрнегін бұзып тұрған жоқ. Алесионың құрамасы - тек қорғаныстан ойнайтын команда емес. Біз шабуылда да көп мүмкіндік тудырамыз. Сонымен қатар, бұл тек біздің бір ғана ойын нұсқамыз бар дегенді де білдірмейді. Команда әлі де мықты. Алесио Какаумен бастаған жұмысты жалғастырып келеді.

«Біз ЕУРО-ның қола жүлдегеріміз. Бізге ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Федерациядан қолдау бола ма, жоқ па соны білу маңызды»

– Құраманың жас ойыншылары жайлы айтып бере аласың ба? Олардың ұжымдағы жұмысы, болашақта қандай үміт күтуге болатыны жайлы айтып бере аласың ба? Олар тәжірейбелі ойыншылардың орнына келгенін де ескеруге болады.

– Соңғы турнирлерде бізде айтарлықтай мықты әрі тәжірейбелі команда болды. Бірақ ол кездегі ойыншылардың бірнешеуі неге шақырту алмағанын айта алмаймын. Бұл Алесионың шешімі. Ол чемпионаттың ойындарын көрді. Әр ойыншы мүмкіндік ала алатыны жақсы. Олар өдерін көрсете алады. Құрамада ойнағысы келетіндер өз өнерін көрсету үшін барын салса, құрамада қалғысы келетіндер одан да көп жұмыс істеуіне тура келеді.

– Бір жылдан астам бірге ойнамағандарыңды ескерсек, түсінісу жағынан қиындық туған жоқ па?

– Жоқ. Мен құрамада көптен бері ойнап жүрмін ғой. Бұл команданың қалай ойнайтынын да білемін. «Қайратта» жүргенімде кейбір ойыншылармен 7 жыл бірге болдым.

– Ұлттық құрама Сербиядағы жетістігін ЕУРО-2018-де қайталай ала ма?

– Қайталауға болады. Тіпті одан асып түсуге де мүмкіндік бар. Құрамадағы ұйымдастырудан, Федерациядан да көптеген нәрселер тәуелді.

Сербияда біздің осындай дәрежеге шығатынымызды ешкім күтпеді. Словенияда қиынырақ болады. Біразы біздің ойынды талдап үлгерген.

– Менің түсінгенім бойынша, федерацияның құрамаға деген көзқарасы сені таңғалдырған сияқты?

– Мен командаға бәрінен кеш келдім, сондықтан да не болғанын анық білмеймін. Бірақ ойын жейдесімен қиындық туды. Ол біраз уақытқа дейін болмады да. Жалпы федерация командаға барынша көмектесу керектігін барлығы білетін шығар. Команда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз ЕУРО-ның қола жүлдегеріміз, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шықтық. Біз ештеңе дәлелдемеуіміз керек. Тек федеарция тарапынан қамқорлық бола ма, жоқ па соны білу біз үшін маңызды.

««Қайраттың» көшбасшы ойыншысы болғаным, менің «Спортингке» ауысуыма себеп болды»

– Сенің клубтық мансабың жайлы айтайық. Португалияға үйренісуің қалай өтті. Тек қана ойын жағынан емес, жалпы сол жақтағы өміргі үйренісуің жайлы айтып өтсең.

– мен және менің отбасым тез үйренісіп кетті. Португалия Бразилияға өте ұқсайды. Бір тілде сөйлейміз, мәдениетіміз де бірдей. Клубта қиындықтар болды. Ұжымға еніп кете алмадым. Себебі 7 жыл «Қайратта» болғанмын. Басқа командаға үйрену қиынға соқты.

– Қазір бәрі жақсы ма?

– Иә, бәрі жақсы. Бірақ клубтың жүйесі басқалай жұмыс істейді. Маған үйренісуге көп уақыт кетті.

– Ең қиыны не болды?

– Бапкердің жұмыс істеу әдісі басқа. Алматылық командада қалған әдеттеріммен ұзақ күрестім. Яғни, ойын кезінде кейбір нәрселерді автоматты түрде жасайтынмын.

– «Қайратта» сен көшбасшы ойыншылардың бірі болдың. Бірақ «Спортингте» саған бәрін басынан бастап дәлелдеу керек болды.

– «Қайраттың» көшбасшы ойыншысы болғаным, «Спортингке» көшуіме себеп болды. Мені бапкер байқап қалып, командаға алғысы келген. Уақыт өте сенімді ойнап келемін. Бәрі уақыттың еншісінде.

– Сені ұжым қалай қарсы алды? «Спортингте» жаңа ойыншыларға арналған дәстүрлер бар ма?

– Ондай дәстүр жоқ. Команда жақсы қарсы алды. Уақыт өте үйрене бастадым. Сонымен қатар «Қайратта» ойнаған Маркао көмектесті.

– Португалия чемпионаты жайлы не айта аласың?

– Бұл өте мықты чемпионат. Жақсы командалар көп. Жанкүйерлер жайлы да айтқым келеді. Қай жерде ойнасақ та, олардың қарасы көп болып жүреді. Сонымен қатар, «Бенфика» мен «Спортинг» арасындағы классикалық кездесу жайлы да айтқым келеді. Бұл матчқа 5 мың адам оңай жиналады. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Кесте уақыт-уақытымен жазылған. Белгіленген уақытта басталып, кейінгі шегерілу деген мүлде болмайды.

– «Қайраттың» президенті сені ұлындай көретінін айтты. Алматыда өтетін Төрттік финалда басқа команданың ойыншысы ретінде ойнау қаншалықты қиын немесе оңай?

– «Алматы-Аренада» осыған дейін ойнап көрмедім. Тек құрамамен осы соңғы кездесулерде ойнадық. Алматыда өнер көрсету мен үшін жағымды болады. Бірақ мен кәсіпқой спортшы ретінде өз клубымның жеңісі үшін барымды саламын. «Спортинг» финалда «Қайратпен» айқасады деп үміттенемін.

«Қайраттың» президентіне келер болсақ, Қайрат Айтмолдаұлын үнемі құрметтеймін. Ол расымен мен үшін көп нәрсе істеді. Егер ол мені ұлындай көрсе, мен оны екінші әкемдей көремін. Барлық кезде көмегін аямайтын еді. Бірақ қазір мен «Спортингтің» ойыншысымые және мен өз командаммен жеңіске жетуім тиіс.