Кубалық боксшы Луис Ортис (27-0, 23 КО) Деррик Россиге қарсы жекпе-жекке дайындығы жайлы айтты.

«Мен жекпе-жекке дайындықты бір ай бұрын бастам кеткем. Қазір жетпіс пайызға дайынмын. Сіздер менің әдеттегідей үздік өнерімді көре аласыздар. Росси жақсы боксшы деп ойлаймын. Оны жеңсем Джошуа - Кличко жұбының жеңімпазымен кездесе аламын», — деп Ортистің сөзін Boxingtalk жеткізді.