Бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) қазақстандық Генадий Головкин (37-0, 33 КО) өнер көрсететін дивизионға ауысқанын ресми түрде мәлімдеді.

Бұл жайлы «Канелоның» өзі кіші Хулио Сезар Чавеспен (50-2-1, 32 KO. Олардың жекпе-жегі 6 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді) болатын кездесу алдындағы баспасөз маслихатында айтты.

«Тындаңыз, мен бұрын орта салмақтағы әлем чемпионы болғанмын, қазір емес. Өткен уақытта болған жағдайларға қарамай, 100 пайыз алда болатын Чавеске қарсы жекпе-жек жайлы ойлаудамын. Ал содан кейін мен орта салмақта қаламын» , - деп айтты Альварес. Естеріңізге салайық, мексикалық боксшы 2015 жылдың қараша айында пуэрторикалық боксшы Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы атанған еді. Бір жылдан соң «Канело» сол WBC белбеуін қорғау үшін Головкинмен жұдырықтасуы керек болған. Алайда Альварес бірінші орта салмаққа секіріп, чемпиондық белбеуін отандасымызға жекпе-жексіз берген.

Айта кететін жайт, «Канело» мен Головкиннің айқасы осы жылдың қыркүйек айында болуы ықтимал. Қазіргі таңда боксшылардың өкілдері келіссөздер жүргізуде.