Yahoo Sports ақпаратына сүйенсек, 35 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин британиялық Билли Джо Сондерспен кездесу өткізбейді.

Айта кету керек, Головкиннің командасы ұзақ уақыт бойы британиялықпен келіссөз жүргізген болатын. Олардың кездесуі 10-шы маусым күні Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

Дегенмен аталмыш басылымның тілшісі Крис Мэнникстің хабарлауынша, GGG мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекке дайындалу үшін, маусымда өтуі тиіс Сондерспен болатын кездесуден бас тартуға дайын. Айта кету қажет, Головкин мексикалықпен қыркүйек айында жұдырықтасады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейін, қазақстандық соңғы жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілердің шешімімен жеңген болатын.