Fightstrike.co.uk журналисі Паоло Герреро қазақстандық Жанат Жақияновқа қарсылас болуы мүмкін боксшыны атады.

«Көздеріңе елестетіңдерші. Иноуэ салмағын көтеріп, АҚШ-тағы алғашқы кездесуінде Жақияновпен кездессе... Уау!», - деп жазды Герреро твиттерде.

Айта кетейік, 23 жастағы жапон Наоя Иноуэ (12-0, 10 КО) екінші жеңіл салмақта WBO чемпионы саналады және өз жекпе-жектерінің бәрін Жапонияда өткізген.

Ал Жақиянов АҚШ-тағы алғашқы кездесуін биыл ақпанда өткізген еді – қазақстандық боксшы Огайода жергілікті Роуши Уорренді төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Жанат ең жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO титулдарын алған болатын. Алайда ұйымға қажетті төлемақыны бермегендіктен титулдарын сақтап қала алмады.