Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің Сауль Альвареске қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі жайлы ойымен бөлісті.

«Бокс фанаты ретінде Головкин – Альварес кездесуі биыл болады деп үміттенемін. Бірақ Геннадийдің бапкері ретінде промоутер Том Леффлердің келесі ұсынысын қарастыруымыз керек. Бұл кездесу Билли Джо Сондерске қарсы өтеді деп үміттенеміз. Канелоға қарсы кездесуді ұйымдастыруды жөн көреміз, себебі бокста көп күтілетін келесі үлкен жекпе-жек осы болмақ. Бірақ рингке шықпай жатып, мен ештеңе істей алмаймын», - деді Санчес.