Бейбіт Шүменов пен кубалық Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер телеарнадан тамашалай алады.

Бұл туралы Шүменовтің өзі жазды.

«Менің 29 сәуірде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегімді Fox Sports 1 телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, оны Қазақстан және басқа елдерде де тамашалауға болады», - деп жазды Шүменов Инстаграмдағы парақшасында.