Ұлттық Олимпиада комитеті және Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинді 35 жасқа толуымен құттықтады. Бұл туралы Baq.kz мәлім етті. «Қымбатты Геннадий! Сені туған күніңмен құттықтаймын! Сен қазақстандықтар үшін қажымас қайсарлықтың және өзіңе деген сенімділіктің символы, және ең бастысы – бүкіләлемге танылған, зор жетістіктерге қол жеткізген ақ пейілді, үнемі жымиып жүретін ашық-жарқын қарағандылық жігіт болып қала бересің. Сен бәрі танитын ең атақты қазақстандық боксшыға, күш пен қайраттың үлгісіне айналдың. Бүкіл әлемдегі жүздеген мың жанкүйерің саған еліктеп, өзіндегі сенімділік, еңбексүйгіштік, мақсатқа жету жолындағы табандылық секілді жақсы қасиеттерді дамытқысы келеді. Сенің әр жеңісің – біздің бокстың жеңісі, Қазақстанның даңқы мен мақтанышы. Әрдайым әр істе бірінші бол!

Саған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және отбасыңа бақ-береке тілеймін! Әрдайым сәттілік серік болсын!», - делінген құттықтауда.