Мексикалық боксшы Кристиан Аррасола жекпе-жек барысында рефериге шағымданып, сол арқылы қазақстандық Абылайхан Құсайыновты жеңіп кетуге тырысқан.

Кездесудің бірінші раундында Абылайхан Аррасоланы екі рет нокдаунға түсірген еді.

Канадалық басылымдардың жазуынша, бірінші нокдауннан соң Аррасола қазақстандық боксшының желкеден соққы жасағанын айтып, рефериге шағымданған. Бұл жағдайда Абылайхан автоматты түрде жеңіліп қалуы мүмкін болатын. Алайда төреші мексикалық боксшының бұл айласына сенбей, жекпе-жек жалғаса берді.

Нәтижесінде, Құсайынов Аррасоланы екінші раундта нокаутқа жіберді.