Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес британиялық Билли Джо Сондерстің промоутері айтқан сөзге қатысты пікірін білдірді.

Естеріңізде болса, Уоррен Головкиннің жарақат алғанын айтқан еді. Оның айтуынша, оған бұл жаңалықты Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлім еткен екен.

«Фрэнктің не айтқанын түсінбедім. Анау айтарлықтай жарақат болған жоқ, кез кезген боксшы жекпе-жекке қандай да бір кішкентай жарақатпен шығады. Олар кездесуге жүз пайыз дайын болмайды. 12 раундтық ауыр кездесуден соң Головкиннің де, Джейкобстың да бір жерлері ауырады. Бірақ Уорреннің нақты нені айтқанын түсінбедім. Бұл жайында уайымдамаймын: Головкиннің жекпе-жектен кейін Нью-Йоркте түскен суретін көрген боларсыздар», - деді Санчес.