Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова кезекті жеңісінен кейін өз пікірін айтты.

«Шынымды айтсам, жекпе-жек алдында шамалы қобалжыдым. Дебютантқа қарсы кездесудің қалай аяқталары белгісіз, себебі одан не күтуге болатынын білмейсің. Бірақ Виктория Котовамен кездесу тамаша аяқталды. Мен, тіпті, оның тез өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Шаршамадым, еш жерім ауырып тұрған да жоқ. Викторияның бір соққысы да тимеген секілді», - деді Шәріпова.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Шәріпова Мәскеуде ресейлік Виктория Котовамен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.