Бүгін орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің 35-ші туған күнін атап өтеді.

Ring TV ақпаратына сүйенсек, Головкин осы жағдайға байланысты өз бапкері Абель Санчесті Лос-Анджелеске мерекелік түскі асқа шақырған.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегін маусымда Астанада британиялық Билли Джо Сондерске қарсы өткізеді деп күтілуде.