6-шы мамыр күні АҚШ-та 26 жастағы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен 30 жастағы отандасы кіші Хулио Сезар Чавес арасында жекпе-жек өтеді.

«Головкинмен жұдырықтасудан бас тартып, ақылға сыймайтын сөздерді айтқаны үшін Канело жанкүйерлерінен айырылды. Адамдар менің жағымда болып, маған қолдау көрсетеді», - деді Чавес.