Ресей журналистикасының жұлдызы Юрий Дудь Prosports.kz тілшісіне Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк жайлы айтып берді.

- Александр Бородюктың жеке бапкерлік қызметін ұзақ уақыт күттім. Әзірге, ол тек «Торпедо» клубында ғана бас жаттықтырушы болды.

– Сондай-ақ, «Қайратта» да ол бас бапкер қызметін атқарды. Тіпті Суперкубок жеңді.

– Не деген жетістік. Мен білетінім, Александр Бородюк замануи маман емес. Қазақстанда қызмет ету үшін үлкен бапкер болудың қажеті жоқ.