Шымкенттік «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Преслав Йорданов «Тобылмен» өткен кездесу туралы айтып берді.

- Қостанайға ойынның басталуына үш сағат қалғанда жеттік. Соған қарамастан матч тізгінін өз қолымызда ұстадық. Өкінішке қарай, есепті теңестіре алмадық. Екінші таймда гол соғатын көп мүмкіндігіміз болған, алайда бұдан еш нәтиже шығара алмадық. Бұл - футбол, мұнда бәрі мүмкін, - деді Йорданов.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Ордабасы» сырт алаңда «Тобылдан» жеңіліп қалды - 0:1.