Бокстан әлемнің 12 дүркін чемпионы кіші Флойд Мейвезер чирлидингтен жасөспірімдер арасындағы жарыста төрешілермен дау-дамай бастады, деп хабарлайды TMZ.

Мейвезер сол турнире қатысқан 12 жасар Айанна атты қызына жанкүйер болып отырған. Әйгілі боксшы өзінің қызы жеңгеніне сенімді болған. Алайда Айанна екінші орынды қанағат тұтқан.

Жарыстың жүргізушісі Джефф Крапфтың айтуынша, Мейвезер төрешілерге айқайлап, дауыс көтерген.Сонымен қатар, танымал боксшы сол турнирдің демеушісі болғаны белгілі болды.