АПЛ-дың 31-ші турындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Эвертон» арасындағы ойын тең есеппен аяқталды.

Алдымен қонақтар есепте алға шықты. Ойынның 22-ші минутында Ягелка «Эвертонға» ойын басымдығын алып келген. Кездесу аяқталуға санаулы секундтар қалғанда Уиллиамс өз айып алаңында қолмен ойнап, алаңнан қуылды. Төреші белгілеген он бір метрлік айып соққысын Златан Ибрагимович голға айналдырып, өз командасына тең есепті алып келді.

«Манчестер Юнайтед» – «Эвертон» – 1:1 (0:1) Голдар: Ягелка 22, Ибрагимович 90 (пенальтиден)

«Манчестер Юнайтед»: Де Хеа, Янг (Шоу 65), Байи, Рохо, Блинд (Погба 46), Кэррик (Мхитарян 65), Феллаини, Лингард, Эррера, Рэшфорд, Ибрагимович.

«Эвертон»: Роблес, Бэйнс, Ягелка, Уиллиамс, Холгейт, Бэрри, Дэвис, Гуйе, Баркли (Калверт-Льюин 80), Миральяс (Пеннингтон 67), Лукаку.

Ескерту алғандар: Гуйе 45, Бэрри 54, Янг 57, Дэвис 88.

Алаңнан қуылды: Уиллиамс 90.

АПЛ-дың осы турындағы бүгін өткен өзге ойындарда төмендегі нәтижелер тіркелді:

«Бернли» — «Сток Сити» — 1:0Гол: Бойд, 58.

«Лестер» — «Сандерленд» — 2:0Голдар: Слимани, 69 (1:0). Варди, 79 (2:0).

«Уотфорд» — «Вест Бромвич» — 2:0Голдар: Ньянг, 13 (1:0). Дини, 49 (2:0).