Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Хельсинкидегі әлем чемпионатының кейін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бахпен кездесті.

«Әлем чемпионатынан кейін ХОК президенті Томас Бах мені кездесуге шақырды. Спорт және Олимпиаданы қабылдау аясында жасалған «Almaty 2022» презентациясы жайлы сөйлестік. Мен оған Қазақстанға жылы қарым-қатынасы үшін алғыс айттым», - деп жазды Денис «Инстаграмдағы» парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында Тен нашар өнер көрсетіп, 16-шы орын алған болатын.