«Қайсардың» бас бапкері Стойчо Младенов «Қайратқа» қарсы матчтан кейін баспасөз-мәслихатында ойын туралы пікірін айтты. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты жазды.

- Жақсы ойын өткіздік деп ойлаймын, бірінші тайм біз үшін екіншіге қарағанда жақсырақ болды. Екінші таймда көп нәрсе ойымыздағыдай болмай, қарымта шабуылда ойнадық. «Қайрат» жеңіс үшін бәрін істегенін білеміз. Біздің команда да жарады, соңына дейін күресті.

- Екінші таймда ойындарыңыздың жүрмеу себебі – «Қайраттың» екі ойыншыны алмастыруынан ба?

- Иә, солай деуге де болады, әр адам өз көзімен көреді ғой, футболды түсінгені бойынша қарайды. Біздің команда жақсы футбол көрсетті деп ойлаймын, бірақ олардың қолдарынан бұдан да жақсысы келеді. Әрине, 1:1 – заңды есеп.

- Младенов мырза, бүгін қызылордалық жанкүйерлердің қолдаулары сезілді ме?

- Оларға үлкен рахмет, әр ойын сайын бізді қанаттандырып отырады, Алматыға осынша көп адамның келгеніне қуаныштымын. Бұл «Қайсарға» үлкен қолдау деген сөз. Әр ойын сайын осылай ойнауға тырысамыз.

- «Қайсар» Қазақстанда бірінші орынға таласып жатыр, маусымға жоспар қандай? Әр ойын сайын команданың сенімділігі көтеріліп келе ме? Ойынға қандай нұсқау берілді және ойыншылар оны орындады ма?

- Білесіз бе, «Қайраттың» қазір нешінші орында келе жатқаны мені қызықтырмайды. Әр ойын сайын осылай ойнағанымызды қалаймын. Нешінші орын алатынымызды маусым соңында көре жатармыз. Иә, талабымыз үлкен, тамаша ойыншыларымыз бар, командамыз да жақсы. Маңыздысы –бұл «Қайсардың» жылы, тұрақтылық көрсету қажет. Ойын бойынша, бәрі бойынша тұрақтылық. Команда мен клубтың ұйымшылдығы. Келесі жылы бұдан да жақсы ойнайтынымызға сенімдімін.

Қазір матчтан матчқа ойнап жүрміз. Көбіне келесі ойынды қалай өткізу жайлы ойлаймын. Нұсқау сіздер көргендей болды. Өз алаңымызда не сыртта ойнап жатқанымыз маңызды емес – ұпай жинау қажет. Маңыздысы осы. Биылғы жылы командалар толық жасақталған және бәсекелестік жоғары болады.