Потругалия құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштинау Роналдудың Мадейро әуежайындағы мүсінін сол әуежайды жинап тазалаушы жұмыскері 15 күнде жасады, деп хабарлайды The Sun. Әуесқой скульптор Эмануэль Сантош өзі мойындағандай, ол мүсінді 15 күнде істеп шығарған. Ол мүсінді жасау барысында футболшының суреттеріне сүйіне отырып жасаған. Себебі футболшының бой түзеуге уақыты жоқ.

« Мен Криштину Роналдудың интернеттен тапқан фотоларын қолдандым. Оларды алдыма қойып, мүсінді жасап шығардым», - деді Сантош. Сантош мүсін жайлы жағымсыз пікірлер көп естіпті. Алайда Роналдудың өзі мүсінді мақтапты.