Каталониялық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси төрешіге тіл тигізгені үшін төрт матчқа шеттетілгені жайлы пікірін айтты.

Айта кетейік, Лионель 28 наурызда ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі Аргентина мен Чили құрамаларының арасында өткен ойында алаң жиегіндегі төрешіге балағат сөз айтты деп айыпталған болатын.

«Менің сөздерім төрешінің көмекшісіне арналған жоқ, жәй ауаға айтылған еді», - деді бес дүркін «Алтын доп» иегері.

Естеріңізге сала кетсек, ФИФА Мессиді төрт ойынға шеттеткен болатын. Сондай-ақ, оған 10 мың швейцар франкі (10,2 мың доллар) көлемінде айыппұл салынды.