Ресейлік рэпер Тимати басқаратын Black Star компаниясы Мәскеуде футбол клубы мен футбол агенттігін ашпақ.

Бұл жобаның алғашқы кезеңінде 10 млн рубль инвестицияға құйылады. Жобаның басы-қасында Ресей футбол одағының лицензиясы бар адам болмақ.

Алдағы 3-5 жылдағы мақсаттары – футбол клубын ашу. Клубтың Black Star, «Москва» немесе «Строгино» деп аталар-аталмасы белгісіз.