Футболдан Қазақстан жастар құрамасы мен «Астананың» жартылай қорғаушысы Геворг Наджарян Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Люксембургке қарсы ойын өте ауыр болды. Бұған қоса бастапқы минуттарда гол жіберіп алдық. Содан соң бар күшімізді салып жеңісті жұлып алдық. Жалпы біздің мақсатымыз - әр кездесуде жеңіске жету. Алғашқы үш ұпайға ие болдық, енді алдағы матчтарға тыңғылықты дайындаламыз.

- Топтың басты фавориті кім?

- Франция құрамасы. Бірақ футболда фавориттер де сүрінетінін жақсы білеміз.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Люксембургты 2:1 есебімен жеңген болатын.