Аралас жекпе-жектен Қазақстан өкілі Николай Веретенников мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Хьюстонда өткен Legacy Fighting Alliance 7 турнирі аясында Веретенников үшінші раундта Кловис Хэнкокты нокаутқа түсірді.

26 жастағы қазақстандық осымен төртінші жеңісіне қол жеткізді. Оның екеуін нокаутпен ұтқан. Сондай-ақ, оның еншісінде екі жеңіліс бар.