Бүгін футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде алғашқы матчын өткізеді.

Владимир Никитенко шәкірттері алғашқы ойында Люксембургке қонаққа барады. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Букмекерлік кеңселердің болжамынша, командалардың жеңіске жету мүмкіндіктері шамалас. Люксембургке 2.52, ал Қазақстанға 2.79 коэффициент берілген. Ойынның тең аяқталуына ұсынылған коэффициент – 3.17.