Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниел Джейкобс (32-2, 29 КО) арасындағы жекпе-жектің PPV-сатылымнан түскен табысы жарияланды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» мәлім етті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша PPV-сатылым және кассадан түскен табыс шамамен 15 миллион долларды құраған. Айта кетейік, Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниел Джейкобспен 12 раунд жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша ұпай санымен жеңіске жеткен болатын.