Шанхайда қазақстандық Азамат Қайрат жергілікті боксшы Нуэр Муханмодеден ұтылып қалды.

4 раундқа созылған кездесуде Муханмоде төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Естеріңізге сала кетейін, Азамат 17-ші желтоқсан күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген болатын. Қытайда ол жергілікті Мардан Тұрсыновтан төрешілер шешімі бойынша басым түскен.