Армения құрамасының жартылай қорғаушысы, қарағандылық «Шахтердің» бұрынғы ойыншысы Геворг Газарян Қазақстанға қарсы ойын жайлы пікір білдірді.

«Біз Қазақстанды жеңуіміз керек. Мен әр ойында 100 пайызға барымды салып ойнаймын. Осы ойында да команданың жақсы нәтижеге жетуі үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін», - деп оның сөзін Armfootball.com жеткізді.

Естеріңізге сала кетейін, ойын 286-шы наурыз күні Ереванда өтеді.