«Ақтөбенің» бұрынғы армениялық жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли алдағы Қазақстанға қарсы ойын және ҚПЛ-дің деңгейі туралы айтып берді.

- Маркос, Қазақ футболы жайлы пікіріңіз қандай?

- Бұл елге бірінші рет барғанымда футбол деңгейі мені таң қалдырды. Қазақстанда 4-5 мықты команда болған, олардың жоғары деңгейлі футболшылар мен бапкерлерді шақыруға шамалары жететін. Сондықтан, менің ойымша Қазақстан футболының деңгейі жақсы. Мұны «Астана» да еурокубоктарда дәлелдеген болатын.

- Қазіргі Қазақстан құрамасында сенімен бірге ойнаған футболшылар бар ма?

- Иә, бар. «Ақтөбеде» бірге ойнаған бес футболшы шақырту алған. Олар негізгі құрамда шығады деген ойдамын. Стас Покатилов, Юрий Логвиненко және Сергей Хижниченко бізге қарсы ойнауы мүмкін.

- Алдағы ойыннан не күтесіз?

- Қазақстанға қарсы ойнау мен үшін қызық болмақ, себебі мен бұл елде көп уақыт өткіздім. Ойыншыларын да жақсы танимын. Бұл кездесуде біз бар күшімізді салып, қолайлы нәтижеге жетеміз деген үміттемін. Бұған қоса біз өз үйімізде ойнаймыз. Қазақстан Польшамен тең түсіп, өзінің мықты команда екенін көрсетті, - деді Пиззелли Армения футбол Федерациясының ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Армения мен Қазақстан арасындағы ойын 26-шы наурыз күні өтеді.