Италия құрамасы ертең Албанияға қарсы кездесу өткізеді. Италия құрамасының қақпашысы әрі капитаны Джанлуиджи Буффон үшін бұл спорттық мансабындағы мыңыншы кездесу болмақ.

«Қатты қобалжып жүрмін. Ертеңгі күнді үлкен мақтанышпен қарсы аламын. Бұл жай сөз емес. Жалғыз білерім, енді мен үшін тағы мың ойын болмайды», - дейді Джанлуиджи Буффон.