Кот-д’Ивуар құрамасының жаңа бапкері Марк Вильмотс «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Яя Турені құрамаға қайтарғысы келеді.

«Мен оның «Манчестер Сити» командасындағы соңғы екі ойынын көрдім. Ол әрқашан тамаша ойын көрсеткен, физикалық дайындығы жоғары деңгейде. Мен онымен кездесіп сөйлесемін», — деген Вильмотстың сөзін FourFourTwo келтіреді.

33 жасар жартылай қорғаушы соңғы рет Кот-д’Ивуар құрамасына 2015-ші жылы ойнаған болатын. Сол кезде ол құрамасымен Африка ұлттар кубогынде жеңіске жеткен.