«Борнмут» жартылай қорғаушысы Джек Уилшер жалда жүрген клубында келесі маусымда да ойнауы үлкен сұрақ болып тұр.

Bleacher Report хабарлауынша, Уилшер «Борнмуттағы» жағдайына көңілі толмайды. «Арсеналда» да қалғысы келмейді.

«Манчестер Сити» қызығушылық танытқанына қарамастан оның Англиядан басқа жерде ойнау мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Оны қатарында көргісі келетін командалар қатарында «Рома» мен бірнеше қытайлық команда бар.

Биылғы маусымда Джек Уилшер «Борнмут» үшін 25 ойынға қатысып екі голдық пас берген.