21-ші сәуір күні Англияның Саутгемптон қаласында бокс кеші өтеді. Аталған бокс кешінде қазақстандық Ернар Ешенов пен Александр Журавский өнер көрсетеді.

22 жасар Ешенов (5-0, 4КО) жастар арасындағы WBC Intercontinental тұжырымы бойынша чемпиондық титулды сарапқа салады. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Майкл МакГурк (8-0, 2КО).

Александр Журавский (13-2, 11 КО) болса орта салмақта WBO Oriental титулын қорғайтын болады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз.