«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс мадридтық «Реал» мен каталониялық клубтың арасындағы кикілжің Испания құрамасына ұласпауы тиіс екенін айтты.

«Кейде «Реал» мен «Барселона» арасындағы құрмет сызығы өшіп қалатын сияқты. Клубтар бір-бірін құрметтеуі тиіс», - деп Бускетстің сөзін Marca жеткізді.