Кеше АҚШ-та WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс кездесу өткізіп, он екі раунд қорытындысы бойынша GGG жеңіске жетті.

«Джейкобс Головкинді өте қатты құрметтеді. Мен үнемі бабыңда болсаң, қандай боксшы, қандай соққы болсын төтеп бересің деп айтамын. Джейкобс екінші жартысында керемет жұдырықтасты, ал бірінші жартысында Головкинді аса қатты құрметтеді.

Менің сөзімді естеріңіе сақтап алыңдар. Канело мен Головкин кездескенде, Альварес оны құрметтемейді. Басынан бастап солай істейді. Біз онымен кездесуге дайынбыз. Әзірге Чавеспен болатын кездесудің нәтижесін бақылаймыз», - деді Де Ла Хойя.