Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы наурыздың 23-і Нью-Йорк қаласында кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Бұл күні жерлесіміз америкалық Майкл Митчеллмен кездесуі тиіс еді, бірақ белгісіз себептерге байланысты Майкл шаршы алаңға шықпайтын болды. Оның орнына Айдоспен басқа бір америкалық боксшы Риарус Дадли жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетсек, 25 жастағы Ербосынұлы кәсіпқой бокста 4 кездесу өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен болатын.