Екі қазақстандық теннисші АҚШ-та өткен жарыстардың финалында өнер көрсетті.

Еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Ирвинг қаласында өткен АТР Challenger турнирінің финалында жеңілсе, Дмитрий Попко Бейкерсфилдтегі ITF Futures жарысында топ жарды.