Верраттидің агенті Донато ди Кампли өзінің клиентінің «Барселона» клубына ауысуы мүмкін деген сыбыс жайлы ойын айтты.

«Марко париждік клубта қалады. Оның ПСЖ-мен 2021-ші жылға дейінгі келісімі бар. Бүгінгі таңда оның ПСЖ клубында ойнай беретініне еш күмән жоқ», - дейді агент.