Албания құрамасы жақын күндері Әлем чемпионатына іріктеу аясында Италия және Босния Герцеговиния құрамаларымен кездесу өткізеді.

Албания құрамасының бас бапкері аталған ойындарға шақырған ойыншылар арасында «Астана» клубының ойыншысы Аздрен Лулаку да бар.

Аздрен Лулакуды қосқанда үш дүркін ел чемпиондары қатарынан 11 ойыншы өз құрамаларына шақырту алып отыр. Қазақстан құрамасына Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Серікжан Мұжықов, Роман Муртазаев шақырту алды. Ал жастар құрамасына Геворг Наджарян мен Дидар Жалмұхан шақырылған.

Игорь Шитов пен Иван Маевский Беларус құрамасына аттанады. Джуниор Кабананга Конго Др құрамасында ойнайды. Неманья Максимович те өз елінің құрамасы сапына шақырту алды, деп жазады клубтың ресми сайты.