Чемпиондар лигасының ¼ финалында «Бавария» мен «Реал» кездеседі. Бұл Еурокубок ойындарында ең көп кездескен жұп атанып отыр.

Мюнхендік команда мен мадридтік команда бір-бірімен 22 рет кездескен.

Плей-офф кезеңінде қос команда 11-ші рет кездесейін деп отыр. Оның бесеуінде «Бавария» бесеуінде «Реал» жеңіске жеткен.

Соңғы рет қос команда 2014-ші жылдың көктемінде Чемпиондар лигасының жартылай финалында кездесіп, мадридтік команда финалға шыққан.