19-шы наурыз күні футболдан Қазақстан құрамасы Александр Бородюктің қол астында алғаш рет Талғардағы базада жиналды.

Ойыншылардың ұлттық құрамаға ел чемпионатының матчтарынан кейін келгенін ескеркен жаңа бас бапкер футболшыларды аса қинаған жоқ. Жерлестеріміз жеңіл жаттығуларын өткізіп, Александр Бородюктің теориясын тыңдады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы наурыздың 22-і Кипрпен жолдастық кездесу өткізсе, артынша наурыздың 26-ы ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Арменияға қарсы ойнайды.