«Челси» клубының бас бапкері Антонио Конте АПЛ кезекті турынан кейін пікірімен бөлісті.

«Сток Сити» клубына қарсы жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Біз бүгін моральді және фикалық тұрғыдан дайын болдық. Ойын өте қиын болды. Біз футбол ойнауға тырсып, әділетті түрде жеңіске жеттік. Кэхилл үшін бақыттымын. Өз қақпасына пенальти алып келгеніне қарамастан, жеңісті гол алып келді. Алдыда әлі он ойын бар. Алайда, Чемпион болуымыз үшін тағы да 21 ұпай жинауымыз керек», - деді Конте.