«Қайсар» сырт алаңда «Шахтерден» басым түсті.

«Астана Аренада» кездесу өткізген екі команда бірінші таймда голға сараң болды. Шартты түрдегі алаң иелері «Шахтер» алаңда басымдық көрсете алмады. Қызылордалық команда ойынды өз қолына алып, гол соғуға келгенде мүлт кетіп жатты. 24-ші минутта алаң ортасында допты тартып алған «Қайсар» ойыншылары жылдам қарымта шабуыл жасап, Байжановтың нәтижелі пасын Аржанов голға айналдырды. Ойынның бірінші жартысында екі команда бір голды қанағат тұтты.

Матчтың екінші жартысында қарағандылық клуб сапынан Станоевич бірнеше мәрте қарсылас қақпасын нысанаға алып көрді. Бірақ тепкен добы бірде қиыс кетсе, бірде қорғаушылардан кейін серпілді. Қонақтар да қарымта шабуыл ұйымдастырып, Шацкийдің ойынға араласуына тура келді. Стефан Николич бағыттаған соққыны қарғандылықтардың қақпашысы бірнеше рет сәтті қайтарды. Қорытынды есеп - 0:1. Қызылордалық клуб үшінші жеңісіне жетті.

ҚПЛ. 3-тур. «Астана Арена»

«Шахтер» - «Қайсар»

Гол: Аржанов 24

«Шахтер»: Шацкий, Сзоке, Кадио, Айегбуси, Зошак, Станоевич, Аллегриа, Габышев, Скорых, Тәжімбетов, Тарасов.Қосалқы құрам: Багинский. Әлімбаев, Тәттібаев, Хайруллин, Ермеков, Мангуткин, Васильев, Өміртаев, Орал. «Қайсар»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор, Ламанж, Николич, Әмірсейітов, Байжанов, Евстигнеев, Нарзилдаев. Қосалқы құрам: Цирин, Жахаев, Чуреев, Мулдаров, Көкеев, Горячий, Алтынбеков, Алтаев, Нтибазонкиза. -