24 жастағы Босния және Герцеговина құрамасының жартылай қорғаушысы Астанаға келіп, медициналық тексерістен сәтті өтті. Осыдан кейін футболшы «Астанамен» келісімшартқа қол қойған, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Ойыншы «Астана» командасы сапында 8-ші нөмірде ойнамақ. Граховац елордалық клубқа «Рапид» ФК (Вена, Австрия) сапынан тегін ауысқан. Астаналық команда ойыншыны 2018 жылы толықтай сатып ала алады.