«Астана Аренада» ел біріншілігінің үшінші туры аясында «Оқжетпес» пен «Тобыл» кездесу өткізді.

Бірінші таймның үшінші минутында Молдақараев соққы бағыттады. Бірақ бұл доп қақпаға дарымады. Содан кейін шартты түрдегі алаң иелері шабуылға ден қойды. Ойынның 37-ші минутында Лукас Хорват қонақтар қақпасына гол соғып, матчтағы есепті ашты.

Екінші таймда көкшетаулықтар есепті еселеуге тырысқан. Оған қостанайлықтар да бірнеше шабуылмен жауап берді. 57-ші минутта алаңға Щеткин шықты. Алғашқы ойында үш гол соққан шабуылшы да есепті теңестіре алмады. Екіжақ шабуыл еш нәтиже бермей, есеп өзгеріссіз қалды. Қорытынды нәтиже - 1:0, «Оқжетпес» 3 ұпай еншіледі.

ҚПЛ. 3-тур. «Астана Арена»

«Оқжетпес» - «Тобыл»

Гол: Лукас Хорват 37