ФИФА украиналық жартылай қорғаушы Денис Дедечконың «Астана» үстіне жазған арызын орындады.

ФИФА «Астанаға» Дедечкогың жалақысы мен сыйақысын төлеп, келісім-шартты бұзғаны үшін қосымша қаржы беруге талап етті. Қазақстан чемпионы еңбек келісімін бұзған екен.

29 жастағы Дедечко «Астанаға» 2015 жылдың маусымында ауысып, екі жарым жылға келісім-шартқа отырған болатын. Бірақ келісім 2016 жылдың қысында бұзылды. Елордалық клуб сапында украиналық футболшы Премьер-лигада он матчқа қатысып, бір гол соқты. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының бес матчында бір автогол салған.

«Астанадан» кеткен соң Дедечко украиналық «Александрияға», кейін хабаровскілік СКА-ға ауысты.

Естеріңізге сала кетсек, ФИФА биыл бұрынғы ойыншыларына қарыз болған «Атыраудан» тоғыз ұпай алып тастаған болатын. Енді «Ақтөбеге» де сондай жаза қолданылуы ықтимал.