Кеше Германия елінде әуесқой бокстан «Chemistry Cup» турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтті.

Бес қазақстандық боксшы аталыш жарыстың финалына жолдама алды.

Жартылай финалдың нәтижесі:

49 келі

Ержан Жомарт - Карлос Купо (Эквадор) - 1:4;

52 келі

Азамат Исақұлов - Гилберт Рентерия (АҚШ) - 5:0;

56 келі

Қайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ) - 0:5;

60 келі

Джонсон Деланте (АҚШ) - Әділет Құрметов - 4:1;

69 келі

Дамиан Кирьор - Абылайхан Жүсіпов - 0:5;

75 келі

Сильвио Ширл (Германия) - Әбілхан Аманқұл - 0:5;

81 келі

Адильбек Ниязымбетов - Максим Коц (Украина) - Коц қарсыласының жекпе-жекке шықпауына байланысты жеңіске жетті (Ниязымбетов ҰОҚ-тың 25 жылдығына арналған арнайы мерейтойға қатысу үшін Астанаға ұшып кетті);

91 келі

Василий Левит - Константин Пинчук (Украина) - 5:0.

+91 келі

Макс Келлер (Германия) - Қамшыбек Қонқабаев - 0:5.

Ақтық кездесулер 17-ші наурыз күні өтеді.